Туризм • 06 Маусым, 2023

National Geographic Qazaqstan-ның «Марс пейзаждары» экспедициясы басталды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 маусым күні Ақтауда National Geographic Qazaqstan журналы редакциясының ұйымдастыруымен «Марс пейзаждары» экспедициясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

National Geographic Qazaqstan-ның «Марс пейзаждары» экспедициясы басталды

Алты күнге жоспарланған фотосапар Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асып отыр.

Экспедицияның негізгі мақсаты – Маңғыстау өлкесінің көз тартар табиғаты мен бірегей ландшафтын жан-жақты көрсететін фотоматериалдар дайындау, туристердің назарын аударту.

Сондай-ақ сапардың қорытындысы бойынша Ақтау қаласында «Марс пейзаждары» деп аталатын фотокөрме ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл жоба аясында National Geographic Qazaqstan редакциясы таңдаған үздік 25 жұмыс көрмеге қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылмақ. 

Айта кетейік, экспедициялық топ құрамында National Geographic Qazaqstan журналының өкілдері, отандық кәсіби фотографтар мен видеографтар, сондай-ақ саяхатшы блогерлер де бар.

Сонымен қатар экспедицияның негізгі бағыттарына Тамшалы, Қапамсай, Торыш, Бозжыра, Қызылкүп секілді туристік нысандармен қатар, Бекет Ата, Сұлтан Епе сынды Маңғыстаудың киелі орындары да кіреді.

а