Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, №3 домна пешінің үрлеу қондырғысы аймағында жанып жатқан кокс сыртқа лап етіп шыққан.
«Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт сағат 18:07-де толық сөндірілді. Жақын арада №3 домна пешін қайта іске қосу жоспарланып отыр.