Президент • 08 Маусым, 2023

Тоқаев Астана халықаралық форумының қатысушыларына ризашылығын білдірді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев Астана халықаралық форумының қатысушыларына ризашылығын білдірді

«Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына шынайы ризашылығын білдірді.

«Сіздердің осы жиынға арнайы келуге шешім қабылдап, форум жұмысына қатысқандарыңыз – біз үшін үлкен мәртебе. Жиын барысында жаһандық экономикалық және аймақтық ынтымақтастық мәселелерінің қазіргі жай-күйі жөнінде табысты пікір алмасамыз деп сенеміз», деп ниетін білдірді Қ.Тоқаев.