Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады:
Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;
Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;
Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;
Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;
Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.
«Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.