Президент • 08 Маусым, 2023

Президент Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды

Президеттің айтуынша, аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Осыған байланысты ол аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды.

«Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын.

Еліміз «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және «жасыл» экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет», деді ел Президенті.