фото: instagram.com/abai_department_police
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 6-маусым күні облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатын алған 13 жастағы жасөспірім бала түскен. Бірақ жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
«Тексеру барысында жасөспірімдер арасындағы кикілжің төбелеске ұласып кеткені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етуге жатпайды.