Президент • 08 Маусым, 2023

Президент: Геосаяси шиеленіс жаһандық өсімге кедергі келтіреді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Президент: Геосаяси шиеленіс жаһандық өсімге кедергі келтіреді

«Геосаяси шиеленіс пен протекционизмнің белең алуы әлемдік экономиканы өзгертіп жатыр. Бұл экономиканы баяулатып қана қоймай, жаһандық өсім мен тұрақтылыққа кедергі келтіреді. Алайда кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашатынын уақыт көрсетті.

Орасан зор технологиялық серпін беретін «цифрландыру» осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз. Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жасанды интеллект, блокчейн, Интернет заттар (IoT) және Үлкен деректер (Big Data) секілді жаңа тұжырымдар мен технологияларды кең көлемде енгізу ауыл шаруашылығынан бастап қаржы саласына дейін барлық саладағы ойын ережесінің өзгеруіне алып келеді.