Президент • 08 Маусым, 2023

Қазақстан Еуразиядағы ең озық цифрлық хабтардың бірі болуды көздеп отыр – Президент

1122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында цифрлық технологиялардың әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Еуразиядағы ең озық цифрлық хабтардың бірі болуды көздеп отыр – Президент

«Цифрландыру тұтас елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы факторға айналды. 2025 жылға қарай әлемдегі цифрлық нарық 50 пайызға артып, 6,8 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Болжам бойынша 10 жылда әлемдегі тауар өндірісі мен көрсетілетін қызметтердің 70 пайызында цифрлық технологиялар қолданылады», деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, цифрландыру Қазақстан үшін ұлттық маңызы бар мәселеге айналды.

«Бұл үрдістің Қазақстан үшін аса маңызды екенін анық түсінеміз. Басқаша айтқанда, цифрландыру біз үшін ұлттық маңызы бар мәселеге айналды. Біз Еуразиядағы ең ірі әрі озық цифрлық хабтардың бірі болуды көздеп отырмыз. Таяуда әлемдегі 62 ел Орталық Азияның орнықты дамуы үшін Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының цифрлық шешімдер орталығын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Мұны бізге артылған зор сенім және Қазақстанның әлемдік аренаға шығудағы маңызды кезеңі ретінде қабылдадық. Аталған орталық мемлекеттер арасында «цифрлық тосқауылдардың» пайда болуының алдын алуға бағытталған жаһандық, өңірлік және ұлттық мүддені жұмылдыруға арналған», деп қосты Мемлекет басшысы.