Пікір • 08 Маусым, 2023

Биологиялық қауіпсіздіктің маңызы

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан – дүниежүзінде Covid-19-ға қарсы вакцина шығарған алтыншы мемлекет. Сол тұста Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтын басқара отырып, отандық 5 платформадағы вакцинаны шығаруға кірістік.

Биологиялық қауіпсіздіктің маңызы

Сол кезде шекара жабық еді. Заңнамада да түрлі кедергі болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде және Орталық Азияда алғаш рет толық циклді вакцина шығаратын зауыт салдық. Ол «OtarBioPharm» деп аталады. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инс­титуты 1958 жылы құрылған. Ол – аса қауіпті вирустармен жұмыс істейтін мықты вирусологтері бар ірі институт. Біз пандемиядан сабақ алып, күш жинадық. Бұл салада кадр даярлауға да көңіл бөлінді. Біз осы жолда тоқтамай, алға жылжуға талпынамыз. Енді бізде пандемияның сабақтары, ережелері бар. Осыны сақтап қалуымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды форумдарда Дүниежүзілік биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру және осы мәселені жоғары деңгейге шығару туралы бірнеше рет айтты. Бізге Дүниежүзілік биологиялық қауіпсіздік мәселелерін қарайтын агенттік қажет.

 

Күнсұлу Закария,

Президент жанындағы

Ұлттық ғылым академиясының басшысы