Саясат • 09 Маусым, 2023

Астана халықаралық форумының екінші күні басталды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық форумының екінші күні басталды. Бүгін  бірқатар панельдік сессиялар, брифингтер, құжаттарға қол қою және кездесулер өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана халықаралық форумының екінші күні басталды

Форумның бүгінгі жұмысы «Энергетикалық қауіпсіздікті қайта қарау: айқын шешімдердің шеңберінен шығу қажеттілігі» тақырыбындағы панельдік сессиямен басталады. Бұл - пікірталас алаңындағы басты тақырыптардың бірі. Оған сараптамалық қоғамдастықтың, Қазақстан энергетика министрлігінің және халықаралық энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысады.  

Сонымен қатар:

«Өзгелердің шарасыздығы кезінде әрекет ету: қиын сәттердегі «орта державалардың» дипломатиясы»; 

«Цифрландыру және жасанды интеллект: әсері мен салдары»; 

«Әлеуметтік толқулар: жалған ақпарат және алгоритмдердің күші» және басқа да тақырыптарға талқылаулар ұйымдастырылады. 

Еске сала кетейік, форум жұмысына мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтардың өкілдері қатысады.  

Шетелдік делегаттар арасында ХВҚ, ДСҰ, АДБ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ ПА, ЭЫДҰ және АҚШ сауда миссиясының өкілдері бар.  

Іс-шара геосаяси шиеленістің күшеюіне және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі модельдерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге қатысты жауаптар іздеу үшін әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге арналған.