Экономика • 09 Маусым, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы өкімімен темекі бағасына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды

Бұйрыққа сәйкес сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 темекінің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі бұйымдардың ең төменгі бөлшек бағасы мынадай мөлшерде бекітілді:

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін 710 теңге;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.