фото: tengrinews.kz
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған.
«6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Министр Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады.