Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,87 теңгеге көтеріліп, 445,62 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 444,85 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,24 теңгеден сатып алынып, 448,36 теңгеден сатылып жатыр. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы - 445,00 теңге, сату – 448,50 теңге.