Президент • 09 Маусым, 2023

Президент Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директорын қабылдады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директорын қабылдады

Кездесу барысында қаржы саласындағы инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру және онлайн-сауда, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Президентке жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар У Чжэн өз компаниясының АХҚО базасында Көміртегінің жаһандық цифрлық сауда орталығын ашу жоспары туралы айтты.

 .