Саясат • 09 Маусым, 2023

Астана халықаралық форумында ТХКБ дамуы талқыланды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен форум шетелдік делегациялар және халықаралық ұйымдар делегаттары мен бизнес пен ғылыми орта өкілдерінің негізгі ғаламдық мәселелерді талқылаған диалог алаңына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана халықаралық форумында ТХКБ дамуы талқыланды

«Орта дәліз: еуразиялық байланысты нығайту» атты панельдік сессияда жетекші әлемдік сарапшылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары жұмысының тиімділігін арттыру жайын талқылап, Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. 2023 жылдың өткен 5 айында Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 42% артқан.

ЕДҚҚБ-ның Орта Азия бойынша басқарушы директоры  Жужанна Харгитайдың айтуынша, Орта дәліз түрлі елдердегі ірі өндірістік орталықтарды байланыстырады және бағдар әлеуетін толық пайдаға асырып, «тар» орындарды жою үшін қатысушы елдердің ғана емес, сонымен қатар осы бағдардағы басқа да негізгі елдердің өзара іс-қимылы қажет.

Сарапшылар ТХКБ-ны сәтті дамыту тарифтік және реттеуші режимді өзгертуді, инфрақұрылымның өткізу қабілетін дамытуды, үйлестіру жолдарын әзірлеуді, барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығын қажет етеді деген пікірге келді.