Қаржы министрінің сөзінше, қызметкерлердің бір бөлігі өзге ұйымдарға ауысса, қалғаны қысқартылады.
«Ол қазір қайта құрылымдау кезеңінде. Соның аясында адамдар өзге жұмысқа ауысады немесе жұмыстан шығарылады. Оның бәрі Еңбек кодексінің аясында жүзеге асады. Бұл кеңсеге ғана емес, кез келген қызметкерге қатысты. Алдын ала хабарлама берілуі керек, яғни ол жерде жұмыс орны жабылатыны туралы хабарлануы қажет», деді Жамаубаев.
Министрдің айтуына қарағанда, кеңсенің қайта құрылымдауынан 2-3 миллиард теңге қалады.
Ал оның қайда жұмсалатыны бюджетті реттеу кезінде анықталады.
Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесі қайда орналасатынын Жамаубаев білмейтін болып шықты.