Қоғам • 10 Маусым, 2023

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов отандық арналардың біріне  берген сұхбатында Семейдегі орман өртіне қатысты соңғы мәліметтерді айтты. Оның айтуынша, қазір қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр

«Жаңа ғана тікұшақпен әуеден жағдайды тағы бақылап келдік. Бұған дейін айтқанымдай, өртті ауыздықтауға жел кері әсерін тигізіп жатыр. Сол сияқты орманның ішіне техникамен кіру қиындық туғызып тұр. Жалпы жағдай тұрақты әрі бақылауда», деді Нұрболат Дербісов.

Сонымен қатар тележүргізуші өрттен қайтыс болғандардың тағдырына қатысты сұрақ қойды.

«Сұрағыңыз орынды. Бәрімізге де оңай болып тұрған жоқ. Өрт басталғаннан кейін орман қызметкерлері байланысқа шықпай қалды. Олар қолданған техника қалдықтарының орны табылды. Қазір полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қайтыс болғандар туралы ақпаратты құзырлы органдар береді деп ойлаймыз. Біздің қазіргі міндет – өртті ауыздықтап, оның жақын маңдағы елді мекендерге жайылуына жол бермеу»,  деді Н.Дербісов.