Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кішкентай теннисшілер тамаша ойын көрсеткен.
Командалық сайыста ел намысын мына ойыншылар қорғады:
Ұлдар: Ахмәди Мақанов (Ақтөбе), Нұрдәулет Балқан (Ақтау), Арнұр Тұрсынхан. Капитаны – Антон Михайлов.
Қыздар: Ясмин Дүйсембаева (Екібастұз), Әмина Нұрмахан, (Алматы), Нұрай Байсейіт. Капитаны – Евгения Сушкова.
Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан құрамаларымен төрт кездесу өткізіп, бәрінде де қарсыластарына бірде-бір сет бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ұлдар да Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан командаларын сондай есеппен қапы қалдырды – 3:0.
Осылайша, Қазақстан қыздар және ұлдар құрамасы биыл күзде 12 жасқа дейінгілер арасында Алматыда өтетін Азия командалық чемпионатына жолдама алды.