Спорт • 10 Маусым, 2023

14 жастағы теннисші Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

14 жастағы теннисші Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті жеңді – 7:5, 6:1.

Заңғар дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші ойсырата жеңді. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.

Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыстағы жекелей сында екінші титулы.