Қоғам • 11 Маусым, 2023

Алматылықтар Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 маусымда мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылықтар Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Рәсім Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Оны соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, әріптестері, белсенділер мен жүздеген тұрғын барды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

а

«Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыройлы атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын үлкен біліктілікпен жүргізе біліп, Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

а

Рәсім барысында қала әкімі Ерболат Досаев сөз сөйледі.

«Туған-туыстарына көңіл айтамыз. 45 жыл өмірін мемлекетке, халыққа адал қызмет етуге арнады. Ол үздік тәлімгер болды. Елді абыроймен алға жетеледі. Отанын сүйді. Бұрынғы заманда ол туралы айту қиын. Шәкірттері оның жұмысын жалғастырады деп сенеміз»,  деді Ерболат Досаев.

а

а