Премьер-лига додасына әлемнің 47 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстаннан ел намысын 25 каратэші қорғады. Бұл жарыста тек әлемдік рейтингтің алғашқы отыздығына енген спортшылар ғана бақ сынайды.
Сайыс қорытындысы нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының тумасы Дархан Темірәлиев 60 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ринат Мерғалиевтің шәкірті малайзиялық, сербиялық, жапониялық, кувейттік, германиялық қарсыластарын ұтып, финалда тағы бір жапониялық спортшыға ғана есе жіберді.