Өнім • 11 Маусым, 2023

Жаңа революциялық өнім

186 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы айдың басында «Apple» әлемді жаңа рево­лю­циялық өніммен таңғал­дырды. Ол «Vision Pro» то­лықтырылған шындық гарнитурасы деп аталады. «WWDC 2023» конференциясында ұсынылған бұл бірегей гарнитура вир­туалды әлемде пайда­ла­ну­шы­ларға жаңа мүм­кін­діктер ашады.

Жаңа революциялық өнім

«Vision Pro»-ның басты ар­тықшылығы – оның әмбебап интерфейсі. Ол 3D әсерін керемет ұсынып, виртуалды әлемді шынайы етіп көрсетеді. Пай­даланушылар қимыл, дауыс және көз қимылдары арқылы құрыл­ғыны толығымен басқара алады. Өнімнің тағы бір ерекшелігі – виртуалды көлемді кеңістікте бір уақытта бірнеше қосымшаны ашу мүмкіндігі бар. Гарнитура корпусындағы «Digital Crown» дөңгелегі пайдаланушыларға терезелердің орналасуын, соның ішінде олардың кеңістіктегі те­реңдігін реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Vision Pro» қолдың, саусақтардың және көздің қозғалысына жауап беретін контроллерлерді қажет етпейді.

Гарнитураның тағы бір қы­зықты мүмкіндігі – «EyeSight». Ол сыртқы әлеммен қарым-қа­тынас жасағанда пай­да­лану­шыларды корпуста көр­сетеді. «Vision Pro» арқылы сіл­те­мелерді бір уақытта ашып, «Safari» брау­зерінде жұмыс істеуге, сондай-ақ «MacBook» экра­нын виртуалды кеңістікке қолдануға әрі қалаған жерге жылжытып ор­наластыруға болады. Өнімнің өзге мүмкіндіктерінің қа­тарында фильмдерді 3D форматында көру, панорамалық фотосуреттерді қарау, сондай-ақ виртуалды кеңістіктегі үш өлшемді нысандарды қолдайтын жүздеген қосымшаны пайдалану мүмкіндігін жатқызуға болады.

«Vision Pro» гарнитурасы же­ңіл әрі берік материалдардан жасалған. Бұл пайдалану кезінде жайлылық пен беріктікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол жоғары сапалы «microLED» дисплейлерімен жабдықталған. Олар 23 миллион пиксель ажыра­тымдылығымен мөлдір суретті ұсынады. «LiDAR»-ды қоса алғанда, 12-ден астам камера мен жетілдірілген сенсор «Vision Pro»-ны пайдаланушының егжей-тегжейлі сандық аватарын жасайды, оны көптеген қосымшада қолдануға мүмкіндік береді.

«Vision Pro» қауіпсіздігі үшін «Optic» ID технологиясы қолданылады. Гарнитура құ­рылғының иесін көздің торлы қабығын сканерлеу арқылы таниды. Барлық биометрикалық ақпарат шифрланған және құпия­лылықты қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық ақпарат құ­рылғының өзінде қалады.

2024 жылдың басында «Vision Pro» сатылымға шығады. Ол 3 499 долларға бағаланып отыр. Алайда осы уақытқа дейін «Apple» өзінің дүкендерінде демонстрациялық аймақтарды ашады. Онда адамдар гарнитураны сынап көріп, оның керемет мүмкіндіктерін бағалай алады.

Қысқасы, «Vision Pro» пай­даланушыларға бірегей әрі то­лығымен жекеше тәжірибе ұсына отырып, толықтырылған шын­дық аймағына революциялық өзгерістер енгізеді. Бұл гад­жет­тің көмегімен виртуалды әлем­дегі адамның мүмкіндіктері ш­ынымен шексіз бола түсетіні анық.

 

Дидар СЕРІКОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ студенті