Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023

Абай облысындағы өрт қашан ауыздықталады? Жаңа министр жауап берді

1757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт қашан сөндірілетіні туралы өз болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы өрт қашан ауыздықталады? Жаңа министр жауап берді

Жаңа министрдің айтуынша, жағдай бақылауға алынған. Бірақ ауа температурасының көтерілуіне және желдің ұлғаюына байланысты өрт одан әрі өршуі мүмкін.

«Өртті оқшаулау үшін біз жеткілікті топ құрдық. Жеке құрамда 1,5 мыңға жуық адам бар: өрт сөндірушілер, орман қорғау қызметкерлері, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері. Сондай-ақ 300-ге жуық техникалық бөлімше мен 12 тікұшақ жұмылдырылды», деді министр. 

Қазіргі уақытта өрт аумағы шамамен 43 мың гектарды құрайды.

«Басында 60 мың гектар аумақта өрт болған. Бірақ қызметкерлердің жұмылдырылған күшімен өрт аумағы азайып келеді. Жақын күндері өртті оқшаулап, сөндіруіміз керек.

Басқа өңірлерден жіберілген арнайы техниканың барлығы осында орналасып, өртті сөндіруге пайдаланылады. Қатты түтіннің салдарынан екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды», деп атап өтті С.Шәріпханов.