Қоғам • 12 Маусым, 2023

Абай облысына көмек: Мемлекеттік қызметкерлер 1 күндік жалақысын аударады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметкерлері Абай облысындағы алапат өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысына көмек: Мемлекеттік қызметкерлер 1 күндік жалақысын аударады

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшылары Абай облысында қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Өрт салдарынан көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Олардың әрқайсысы өз өмірін басқалар үшін құрбан етіп, еңбектеріне нағыз адал болған жандар. Біз бұл болған төтенше жайдайды жәй ғана сырттан бақылап отырмауымыз керек. Мен орман өрттерінен зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында бір күндік жалақыны аударуды ұсынамын. Сондай-ақ біз осындай төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауымыз қажет», деді Ералы Тоғжанов.