Аймақтар • 12 Маусым, 2023

Абай облысындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін бе?

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құзырлы органдар Абай облысындағы алапат өртке қатысты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін бе?

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы өртке қатысты бейнежазба тарап жүр. Видео авторының айтуынша, Семей орманындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін. Полиция қызметкерлері де бұл нұсқа аясында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осы орайда облыс әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде болжамды өртеу әрекеттерінің орындары көрсетілген бейнематериалдардың таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды түсіндіру маңызды. Бейнежазба авторы өрттің көзі найзағай емес, әдейі өртеу болды деген болжамға тоқталды. Алайда видеода көрсетілген учаскелерде жағылған от іргелес орман алқаптарына таралмағанын ескерген жөн», делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар бұл мәселе бойынша жан-жақты талқылау жүргізіп жатыр. Тергеу жұмыстары ықтимал өртеушіні және ауқымды өрттің негізгі себебін анықтауға бағытталған.