Қоғам • 12 Маусым, 2023

Талица ауылына қауіп төніп тұрған жоқ – әкімдік

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орман сыртында орналасқан Талица, Половинка және Қаштақ ауылдарына өрт қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Талица ауылына қауіп төніп тұрған жоқ – әкімдік

Оның айтуынша, өртке қатысты жағдай бақылауға алынған.

«Батпаев және Қаштақ бағытында Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің күштері, техникалық құралдары сондай-ақ 9 тікұшақ жұмыс істеп жатыр», деді Гариков.

Дмитрий Гариковтың айтуынша, Талица ауылы мен жақын маңдағы басқа елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.