Қоғам • 13 Маусым, 2023

Абай облысының әкімі ормандағы өрт жағдайын баяндады

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысы Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Абай облысының әкімі ормандағы өрт жағдайын баяндады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың баяндамасына сәйкес:

  • Бүгінгі таңда өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың гектарды құрайды, оның 43 мың гектары белсенді термо нүктелер. Елді мекендерге қауіп жоқ.
  • Өртті сөндіру 3 бағытта жалғасып жатыр. Шығыста, ауыр техникамен өртке қарсы үзілістер жасау үшін орманды кесу жүргізілуде. Басқа екеуі бойынша жету қиын жерлерді ескере отырып сөндіру жаяу және тікұшақтармен жүзеге асырылады. Жалпы, өртті жоюға 1788 адам, 345 бірлік техника және 15 тікұшақ жұмылдырылды. Техниканы отынмен қамтамасыз ету үшін әкімдік 20 тонна ЖЖМ жіберді, тағы 50 тонна Kaz Minerals компаниясы есебінен қамтамасыз етіледі.
  • Қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки елді мекендері эвакуацияланды (463 адам). Көшіру орындарында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
  • Тұрғындар Семей қаласы мен Бородулиха ауылының эвакуациялық пункттерінде орналастырылды.
  • Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтар үшін  азық-түлік жеткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өрт салдарынан 3 үй, 2 бірлік техника өртенді, ыс тиіп уланған орманшылықтың 2 қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді, тракторшы Д. К. Қанафин жалпы палатаға ауыстырылды, С. М. Бақанасов үйіне жіберілді. Жоғалған тракторшы С. Архиповты іздеу жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Успенский орманшылығының қаза тапқан 14 жұмысшылардың отбасына көмек көрсетіліп жатыр.
  • Бүгінгі таңда әрбір отбасына бюджет және бюджеттен тыс қаражат шеңберінде қажетті көмектің дербес карталары жасалды. Сонымен қатар зардап шеккендерге көмек көрсету және өрт салдарын жою үшін арнайы «Ақ Ертіс» қайырымдылық қорында шот құрылды.
  • Барлық мемлекеттік төлемдер уақтылы және толық көлемде көрсетілетін болады.