Алапат өрттен зардап шеккен Абай облысының тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Арнайы комиссия келтірілген шығынды есептеп, өтейтін болады. Еріктілер де өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап, қол ұшын созып отыр.
Бұл ретте Жұбанов университеті зардап шеккен отбасылардың балаларына 5 білім беру грантын бөлу туралы шешім қабылдады.