Теннис • 13 Маусым, 2023

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина ресми түрде 3 орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 3 орынға жайғасты. Бұл Елена Рыбакина үшін  рекордтық рейтинг.

Айта кетсек, көш басын Польша теннисшісі Ига Швентек бастап тұр. Ал екінші орынға Беларусь тенисшісі Арина Соболенко жайғасты.

Қазақстан теннисшісінің бұл жетістігіне «Ролан Гаррос» жарысындағы ойыны әсер етті.

Еске сала кетсек, ойынды сәтті бастаған Рыбакина денсаулығына шағымданып, жарыс алаңынан шығуға мәжбүр болды.