Абай облысының полиция қызметкерлері өртенген аймақтан 50 шақырым жерде 10 маусым күні жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Архипов Сергей Николаевичтің мәйітін тапты.
«Ер адамның мәйіті қызметтік иттің көмегімен табылды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы жария етуге жатпайды.