Экология • 13 Маусым, 2023

«Ecolife» челленджінің тапсырмалары жарияланды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ecolife» челленджі бойынша тапсырмалар тізбегін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ecolife» челленджінің тапсырмалары жарияланды

7 маусымда басталған челлендж 20 маусымға дейін жалғасады. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Экочеллендж шарттары бойынша қатысушылар төменде көрсетілген тапсырмаларды орындауы керек.

  • Бірінші тапсырма: қызықты пост жариялаңыз

Экочелленджге қатысуға не себеп болды, эковолонтерлік бағыттарының қайсысы Сізге жақын? Елімізде осы бағытты дамытудың өзектілігі жайлы айтып берсеңіз.

  • Екінші тапсырма: қоқысты сұрыптауды бастаңыз

Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу процесі туралы бейнеролик түсіріңіз.

  • Үшініші тапсырма: плоггинг/сенбілікке қатысыңыз

Достарыңызбен плоггинг немесе сенбілік ұйымдастырыңыз, яки басқа да волонтерлермен ұйымдастырылған шараларға қатысыңыз.

  • Төртінші тапсырма: Экосөмке қолдануды бастаңыз

Шоппер қолдану арқылы қанша пластикалық пакет қолданудан бас тартқаныңыз жайлы, шопперді қайда қолданатыныңыз жайлы бейнежазбада айтып беріңіз. Мүмкін Сіз пластик пакеттерді алмастыра алатын арнайы лайфхак ойлап тапқан шығарсыз? Біз сіздің креативті ойларыңызды күтеміз.

прпве

Айта кетсек, челлендж жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.