Медицина • 13 Маусым, 2023

Елорда тұрғындары тегін медициналық кеңес алды

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ПІБ МО ауруханасы науқастарға тегін дәрігерлік қабылдау ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғындары тегін медициналық кеңес алды

Аурухананың білікті дәрігерлеріне қаралуға келген халықтың легі аз болмады. Терапевтік және хирургиялық бейіндегі 16 дәрігерге нейрохирург, ревмотолог, нефролог дәрігерлері қосымша көмекке келді. Дәрігер қабылдауына кезегін күткен науқастар ауруханадан шығару қағазы, талдау қорытындылары мен соңғы УДЗ/МРТ суреттерін көрсетіп, дәрігерге өз шағымдарын айтып үлгеруі үшін ашық есік күнінің уақыты да ұзартылды.

«Аурухана ұжымы мықты дәрігерлерімен ешқандай ақысыз кездесіп, толыққанды тексерілуден өтуге мүмкіндік беріп отыр. «Ашық есік күні» акциясының болатынын естіп, ортопедтің қабылдауына келдім. Мені мазалаған мәселеге қатысты барлық сұраққа кәсіби жауап ала алдым. Келген кісінің бәрі өз кезегін сабырмен күтіп, алғыспен шығып жатыр», деді ашық есік күніне барған Әлия Нысанбаева.

лд

Ашық есік күнінде оториноларинголог, хирург, травматолог-ортопед, уролог, кардиохирург, нейрохирург, акушер-гинеколог, аритмолог, пульмонолог, ревматолог, терапевт, нефролог дәрігерлеріне барлығы 307 науқас қаралды.

л

«Ашық есік күнін ұйымдастырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Бұны дәстүрге айналдырсаңыздар жақсы болар еді. Мен кардиохирургтың қабылдауында болдым, өте салмақты, бастысы білікті дәрігер екен, денсаулығыма қатысты аса құнды консультация берді. Кәсіби мамандардың көмегіне риза болып қайттым», деді Астана тұрғыны Мақсат Мұсабеков.

го

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері мен медбикелері іс-шараға белсенді қатысып, әр келушіге жеке ілтипат көрсетті. Халыққа өз денсаулықтарына көңіл бөліп, білікті мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік сыйлаған шара әлі де жалғасын табуы ықтимал.

п