Аймақтар • 13 Маусым, 2023

Өрт зардабы: Еңбек қауіпсіздігі тексеріледі

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы алапат өрт кезінде болған адам шығынына байланысты еңбек қауіпсіздігінің бұзылу себептерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қадағалайды.

Өрт зардабы: Еңбек қауіпсіздігі тексеріледі

Осыған орай Еңбек және ха­лық­­ты әлеуметтік қорғау минис­тр­лігінің өкілдері арнайы Үкі­мет­тік комиссия құрамында Абай облысына барды. Құзырлы меке­­менің қызметкерлері «Семей орманы» мемлекеттік ор­ман табиғи резер­ватының ау­ма­ғында болған ала­пат өртті сөндіру кезінде ең­бек­ қауіпсіздігі және еңбекті қор­ғау­ талаптарының бұзылуына жол­ берген адамдарды анықтау үшін­ тергеу жүргізеді. Сондай-ақ ве­дом­ство өкілдері зардап шек­­кен­дердің отбасыларына қажет­ті­ әлеу­меттік көмек көрсету кө­ле­мін­ анық­тайды.

– Абай облысындағы «Се­мей­­­ ор­маны» мемлекеттік ор­­­ман та­би­ғи резерватының ау­ма­­­­ғында өрт­ салдарынан бол­ған­­ жазата­йым­ оқиғаның себеп­те­­рі­ мен мән-жайын тергеу­ үшін Пре­мьер-министр­дің бірінші орын­­басары Роман Склярдың төраға­­лығымен ар­найы Үкі­мет­­тік комиссия құ­рыл­­ды. Ко­мис­­сия құрамына төр­а­­ға­­ның орын­­басары болып Еңбек жә­не­ халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау комитетінің төрағасы – мем­лекеттік бас еңбек инспек­то­ры Төлеген Оспанқұлов, сон­дай-ақ орталық мемлекеттік орган­­дардың, облыс әкімдігінің, жұ­мыс берушілердің және жұ­мыс­­керлер кәсіподағының өкіл­­­де­рі енгізілді, – дейді Еңбек және ха­­лықты әлеуметтік қор­ғау­ ми­нис­­­­тр­­­лігінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің ай­туын­­­ша, бұған қоса арнайы ко­мис­­сия келтірілген залалдың кө­ле­­мін белгілеп, зардап шеккен­дер мен­ қаза тапқандардың отба­сы­ларына бірінші кезектегі кө­мек­ көрсету жөнінде іс-шаралар қа­­­былдайтын болады. Арнайы құ­­рылған Үкіметтік комиссия жұ­мысты 10 жұмыс күні ішінде аяқтайды.