Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар тікұшақтар өрт аумағына аэровизуалды тексерулер жүргізіп, өрт ошақтарына су ағызуды жалғастырып жатыр.
«Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ге жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су төгілді. Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті», делінген ведомство хабарламасында.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін 14 маусымда Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар солтүстік, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С болады.