Қоғам • 15 Маусым, 2023

Мәжіліс депутаты су мәселесіне қатысты ұсыныстар айтты

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айдарбек Қожаназаров өзекті болып отырған су тапшылығы мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты су мәселесіне қатысты ұсыныстар айтты

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров мәселеге қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

1) Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, су ресурстарының бірыңғай есебін іске қосу. Бұл туралы көп айтылады, бірақ ілгерілеу тым баяу.

2) Су ресурстарына жауапкершілікті бір ғана мемлекеттік органға жүктеу. Су деректеріне иелік ететін, су ресурстарын басқаратын және кем дегенде 30-50 жылға қарай тиімді пайдалану саясатын жүзеге асыратын агенттік құру қажет. 

3) Австралия тәжірибесіне сүйене отырып, су пайдаланушыларды суды үнемді пайдалануға ынталандыратын әдістерді қолдануды ұсынамыз. 

4) Гидротехникалық құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасының экономикалық тиімділігі мен құрылыс құнын есептеудің дұрыстығын тексеру маңызды.

Бұдан бөлек, Үкіметтен ирригациялық желілерді дамыту бойынша толық мәліметтер жиынтығын беруді сұраймыз. 

Сондай-ақ Ұлттық қор қаражатының жедел міндеттерге жұмсалуын болдырмау және қаражатты Қазақстанның су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағыттау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.