Қоғам • 15 Маусым, 2023

Министрліктер 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізбек болған

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында жасаған баяндамасында сот нәтижелерін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктер 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізбек болған

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы да баяндалды. Бас прокуратураның бастамасымен 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізуді көздеген әртүрлі министрліктің 9 бұйрығының күші жойылды. Сондай-ақ 2,5 миллиард теңге өндіріп алу жөніндегі 21 мың салық бұйрығы заңсыз деп танылған.