Қоғам • 15 Маусым, 2023

Оңтүстік Корея Қазақстанға орманды қалпына келтіруге көмектеседі

7853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орман шаурашылығы саласы бойынша серіктес AFoCO Азия ұйымы Абай облысында өртенген орманды қалпына келтіруге және өрттің алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Корея Қазақстанға орманды қалпына келтіруге көмектеседі

Сеулде Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин осы ұйымның вице-президентімен кездесті. Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қоршаған орта және дамуы жөніндегі парламенттік конференциясына қатысу үшін Кореяға барғаны белгілі болды.

«Соңғы 50-60 жылдың ішінде Оңтүстік Корея орманды қалпына келтіру үшін 11 млрд ағаш отырғызған және 2,5 млн жерді қайта қалпына келтірген. Осы орайда біз Корея мамандарынан біздің елге келіп, тәжірбиесін бөлісуді сұрадық. Сондай-ақ олардың технологиясын біздің мамандарға қалай меңгертіп, оқыту керегі жайлы талқыладық», деді Еділ Жаңбыршин.