Спорт • 15 Маусым, 2023

Ұлттық құрама Азия чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы Сингапур астанасында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 10-шы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы командалық сында Қытай гимнастары топ жарса, күміс медаль Жапония құрамасының еншісінде, деп хабарлайды Egemen.kz Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрама Азия чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Бұл біздің Ұлттық құраманың сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі. Осылайша, қазақстандық гимнастар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.

Жүлде алған команда сапында Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов бар.