Пікір • 18 Маусым, 2023

Бірліксіз болашақ бұлыңғыр

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылтайдың негізгі мақсаты – халық пен биліктің арасын байланыстыру. Түркістанда ел көкейінде жүрген талай мәселенің тиегі ағытылды. Проблемалар талқыланып, оны шешудің жауапкершілігі тиісті органдарға жүктелді.

Бірліксіз болашақ бұлыңғыр

Бұрынғы кезбен са­лыс­тырғанда өзге ұлт өкіл­­дері қазақ тілін тәуір мең­геріп келеді. Әсіресе мемлекеттік қызметте істей­тіндерге қа­зақша білу – міндет. Құ­рыл­тайда Пре­зидент ұлт б­олашағының, мемлекет келешегінің бірлік, ынты­мақсыз бұлыңғыр болатынын жақсы айтты. Өз кезегінде екі мәселеге назар аударғым келеді. Ол – спортты насихаттау, Олим­пиада жеңімпазда­рын жастарға үлгі ету. Идео­­­­ло­гиялық жұмыстың бір бөлігі осыған арна­луға тиіс. Екіншіден, бук­мекерлік кеңселердің қыз­метін шектеу. Ойынға құмарт­қандар тіпті үйлерін сатып, ақша тігеді. Бұл – қоғамға қауіп­ті. Осы екі м­ә­­селе алда­ғы уақытта құ­­рыл­тай шең­бе­рін­де шеші­мін табар деп үміт­тенемін.

 

Ислам БАЙРАМУКОВ,

еркін күрестен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері