Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,51 теңгеге төмендеп, 447,15 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы - 450,99 теңге.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,39 теңгеден сатып алынып, 450,41 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,52 теңге, сату – 450,48 теңге.