Аймақтар • 19 Маусым, 2023

Керекуліктер көмек жіберді

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көршілес Абай облысына Кереку елінен 15 млн теңге сомасындағы гуманитарлық көмек жөнелтілді. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына Павлодардағы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар бөлініп отыр.

Керекуліктер көмек жіберді

«Amanat» партиясы өңірлік филиа­­лы­­ның ұйымдастыруымен алапат өрттен зар­­дап шегіп отырған Семей жұртына 35 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жі­берілді. Атап айтқанда, азық-түлік өнім­­дері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар және жанар-жағармай талондарына қа­ра­жат жиналды. «Amanat» партия­сы­ Пав­лодар облыстық филиалының төр­аға­сы Илья Теренченко аймақ халқы көр­ші­лес өңір тұрғындарына қиын кез­­еңде қолұшын созуда белсенділік танытқанын ай­та­ды.

«Бастамаға жергілікті қоғам белсен­ді­­лері мен ірі кәсіпорын өкілдері бел­сен­ді атса­лысты. Бір күннің ішінде 15 млн­ тең­геден астам қаражат жиналды.­ Абай об­лы­сының жұртшылығына ың­ғайлы болсын­ деп аталған өңір жет­кі­зушілерінен 10 және 20 литрлік талон­дармен 10 тон­на жанар-жағармай са­тып алдық. Сондай-ақ­ зардап шеккен­ отбасылардың бала­ларына жоғары оқ­у орындарынан, яғни С.Торайғыров уни­верситетінен 10 грант және Ә.Мар­ғұлан атындағы педа­гогикалық уни­верситетінен 5 грант­ серти­фи­каты бері­ле­ді», дейді И.Терен­чен­ко.

Қайырымды істен аймағымыздың жас­тары да қалыспады. 30 еріктіден құралған жоғары оқу орындарының сту­денттері қолұшын созуға Семей өңіріне аттанып кеткен. С.Tорайғыров уни­верситеті жанынан құрылған «Жақ­сы­лық жаса» еріктілер ұйымының өкілі Ха­рис Абди адамдарға қолұшын созу – басты мақсатымыз дейді. «Абай облы­сы­на 3 күнге барамыз. Өрттен зардап шек­кен ауыл тұрғындарына қолдан кел­генше көмек көрсетеміз. Яғни азық-тү­лік, бірінші кезекте қажетті заттарды тара­тамыз. Ел болып көмектесетінімізге қуа­намыз», дейді ол.

 

Павлодар облысы