Қазақстан • 20 Маусым, 2023

Германия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға арнайы шақырғаны және қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол шағын құрамдағы келіссөз табысты өткенін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

«Біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың жағдайы туралы айтқаныңызды растаймын. Біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың соңғы 30 жылына ғана емес, сонымен қатар сіз айтып өткендей, ынтымақтастығымыздың барлық салада қарқынды дамып келе жатқанына назар аударамыз. Неміс компаниялары Қазақстанға қомақты қаражат құйып келеді және бұл бағыт тек экономикалық саламен шектелмейді. Біздің Президент мырзамен ұстанымымыз ортақ және Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға үлкен құрметпен қараймыз. Сіздің және үкіметіңіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізіп жатқандығы, өлім жазасына мораторий енгізгені, Конституциялық сот құрғаны, Парламентті нығайтқаны Германияда мәлім. Менің ойымша, мұның барлығы бүкіл әлемге белгілі. Сондай-ақ Сіз президент ретінде өз қызметіңізді бастаған кезде әлемге және Қазақстан халқына жариялаған бағытыңызды ұстанып келе жатқаныңыздың дәлелі», деді Германияның Федералды Президенті.