Қоғам • 20 Маусым, 2023

Таза пейіл мен игі істер жетістікке жетелейді - сарапшы

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана төрінде өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумына әлемдік сарапшылар қатысып, еріктілердің қоғамдағы рөлі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таза пейіл мен игі істер жетістікке жетелейді - сарапшы

20-21 маусым аралығында өтетін Халықаралық еріктілер форумның негізгі мақсаты – волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету.

Осы тұста іс-шара туралы қызықты әрі маңызды дерек жайлы айта кетсек, форумның символы «мейірімділік генін» бейнелейтін ДНҚ фрагменті болды. Себебі ДНҚ жынысына, жасына, ұлтына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдарға бірдей тән. Бұл планетамыздағы әр адам бір-біріне бірдей мейірімді болып, тек ізгі амалдарды істеу қажет екенін білдіреді.

Форум аясында халықаралық волонтерлік ұйымдардың қызметі, азаматтық бастамаларды қолдаудағы корпоративтік жауапкершіліктің рөлі, экологиядағы, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы және төтенше жағдайлардағы волонтерлік тақырыптар кеңінен талқыланды.

Маңызды іс-шарадан тысқары қалмай, ат басын Астанаға бұрып келген халықаралық сарапшылар мен әлемнің ең беделді ұйымдарының мүшелері де пікірлерін ортаға салды. 

Мәселен, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори волонтерлік қызметтің маңыздылығына тоқталды.

«Қай жерде волонтер болып қызмет етіп, кімге жәрдем берсеңіз де – оның маңызы зор. Мейлі, бұл Африка болсын, көрші үйдің баласы болсын, еріктілер кез-келген мұқтаж жанға мейірімді болуы керек. Бүгінде қарапайым адамдар волонтер болу арқылы қоғамның дамуына зор үлес қосып отыр. Таза пейіл мен игі істер адамға қуаныш сыйлап, өмірдің кез-келген саласында жетістікке жетелейді», деді Микаэла Фриберг-Стори.