«Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды әрі еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Біз өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін еуропалық институттармен тұрақты жұмыс істейміз. Қазақстан – «Орталық Азия + ЕО» форматының белсенді серіктесі.
Осы форматтағы соңғы кездесуіміз Қырғызстанда өтті. Жуырда өзара ынтымақтастығымызға, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты өзекті мәселелерді талқыладық», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келе жатқанын айтты.