Президент • 20 Маусым, 2023

Президент: Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды сауда серіктесі

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕуроОдақтың Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастығы туралы атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды сауда серіктесі

«Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды әрі еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Біз өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін еуропалық институттармен тұрақты жұмыс істейміз. Қазақстан – «Орталық Азия + ЕО» форматының белсенді серіктесі.

Осы форматтағы соңғы кездесуіміз Қырғызстанда өтті. Жуырда өзара ынтымақтастығымызға, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты өзекті мәселелерді талқыладық», деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келе жатқанын айтты.