«Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді», делінген жазбада.
Сонымен қатар сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Барлығы олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген.