Төтенше жағдайдар департаменті мен қала әкімдігі бұған қатысты ешқандай түсініктеме бермеген. Алайда желіде тарап жатқан бейнежазбаларға көз жүгіртіп қарасақ, ағаштар аулаларға, балалар алаңқайына және көліктерге құлаған.
Бұған дейін тараған ресми ақпараттарға сәйкес жыл басынан бері қалада 22 ағаш сынып түсіп, 4 көлік пен 2 дәмхананы зақымдаған.
Айта кетсек, қалада 4 миллионға жуық тал-терек өсіп тұр. Ал оның 80 мыңнан астамы апатты жағдайда тұр.