«Кәсіпорында күрделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың (құбырлар, пештер, бу құбырлары) өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді. ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы мен саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау кезінде зауыттың технологиялық объектілерін пайдалануды толық тоқтату талап етіледі», делінген ПМХЗ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұл ретте зауыт жұмысы тоқтайтын кезеңге 37 мың тонна бензин мен 47 мың тонна дизель отынының қоры жеткілікті мөлшерде жинақталғанын айта кету керек.