Қоғам • 22 Маусым, 2023

Алматыда қатты жел салдарынан бірнеше көлік зақымданды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жаңбыр мен қатты желдің салдарынан 30-дан астам ағаш опырылып, құлады. Тұрақтағы көліктерге зақым келіп, желдің кесірінен кейбір үйдің қасбеті бүлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қатты жел салдарынан бірнеше көлік зақымданды

Отандық телеарнаның мәліметінше, желдің салдарынан ағаштар тоқтап тұрған көліктерге құлаған. Тіпті кейбірінің терезелері сынған.  Шенеуніктер көлік иелеріне сотқа жүгінуге кеңес берді.

Алматының Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Құтыбаевтың айтуынша, бүлінген көліктерге келтірілген шығынды өтеуге қатысты әр іс жеке қаралады. Бұл мәселелерді шешу үшін сотқа жүгіну қажет. Сот шығынды қарастырады.

Айта кетейік, жел көліктерді ғана емес, ғимараттардың қасбетін де зақымдады. Алматыдағы үйлердің бірінде сылақ опырылып түскен. Үй небәрі алты жыл бұрын пайдалануға берілген. Дауылдан ойын алаңдары да бүлінген.

Шаһарда барлығы 32 ағаш құласа, оның 13-і ескі.

Мамандар қатты жел болған жағдайда көшеге шықпауға және көлікті ағаш түбіне қалдырмауға кеңес берді.