Мәдениет • 22 Маусым, 2023

Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының 25 жылдығына орай III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.     

Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді

Аталмыш фестиваль алғаш рет 2015 жылдың 29 маусымы мен 2 шілде аралығында өтіп, 2018 жылы жалғасын тапты.

Елорданың қуыршақ театры ашылған күннен бастап әлемдік театрлармен тығыз қарым-қатынас орната бастады. Бұл күнге дейін Астананың қуыршақ театры екі мәрте театр фестивалін өткізіп, көптеген халықаралық театр додаларына қатысып, тұғыр биігінен көрінді.

Фестивальдің басты мақсаты - тағылым тамшысы болған қуыршақ театры өнерін кеңінен дәріптеу, мәртебелі мәдениетімізді, өнегелі өнерімізді дүниежүзіне насихаттау, әлемдік театрлармен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау. Сондай-ақ сәбилерге шаттық сыйлап, балаларға рухани-танымдық қойылымдар ұсыну.

Айта кетсек, II Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысады.